16 – 28 қаңтар аралығында “Қазақстан халқына” қорының шотына 93 млрд теңге аударылды. Болжамдық есептерге сәйкес, қор жылына кемінде 100 млрд теңге көлемінде қаражат жинақтайды. Әрі шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражат алуды көздемейді. 28 қаңтарда «Қазақстан халқына» қоры шоттарына қаражат аударғандар: ГРАФИКА:
– «ERG КӨМЕК» корпоративті қоры – 30 млрд теңге;
– «Халық» қайырымдылық қоры – 10 млрд теңге;
– Сулейменов Диас Тулеутаевич – 450 млн теңге;
– «Банк Центр Кредит» АҚ – 200 млн теңге;
– «Көліктік сервис орталығы» АҚ – 150 млн теңге.
Қор басшылығы алынған барлық қаражаттың толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.