Мәжілісте бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 4,2 млн теңгеге ұлғайту ұсынылды. Бастаманы төменгі палата құрамындағы «Қазақстан Халық партиясы» фракциясы көтерді. Партия мүшесі мемлекеттегі ана мен баланы қолдау тетіктерін сынға алды. Мәжілсмен Ерлан Смайловтың айтуы бойынша, еліміздегі балалардың 15,6 пайызы, яғни әр алтыншы бала табысы төмен отбасында өмір сүреді. Ол шамамен 1 млн бала. Статистиканы халықаралық ЮНИСЕФ ұйымы ұсынған. Қазір еліміздегі көпбалалы отбасылар саны 340 мыңға жетеді. Мәселені шешу үшін бала күтіміне берілетін жәрдемақыны ұлғайту қажет. Сол қаржыны мақсатты түрде тұрғынүй алу немесе отбасылық жағдайды жақсарту үшін жұмсалу тиіс дейді депутат.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.