Есту қабілетінен айрылса да, өз кәсібін дөңгелетіп жүргендер бар. Бірі- талдықорғандық Диас Наби. Суретші әрі фотограф. Тіпті ол түрлі скульптуралық мүсіндерді жасайды. Оның бойындағы қасиеттер – сенімділік пен табандылықтың нағыз үлгісі. Көпке үлгі болар жанмен тілшіміз жүздесіп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.