Көптен күткен «Үздік аула» байқауы өз мәресіне жетті. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген сайыстың нәтижесінде 7 номинация бойынша үздіктер анықталды. Шаһар келбетінің әсемдігіне қосқан үлесі үшін байқау жеңімпаздарына арнайы алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды.