Жыл басынан Алматы облысында 684 өрт тіркелді. Тілсіз жау 18 адамның өмірін қиған. Өткен жылмен салыстырғанда өрт саны 38 %-ға артыпты. Десе де, құтқарушылардың ерен жұмысы мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды. Жалпы облыста 10 өрт сөндіру бөлімі бар. Ал, мамандандырылған құтқару бөлімі Талғар ауданында ғана. Бөлім қызметкерлері еріктілерге жұмыстарының қыр-сырын таныстырды. Ал, жиналғандар өздерін құтқарушы ретінде байқап көрді.
Талдықорғанда әртістік, үйлесімді жүзуден жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті
Талдықорғанда әртістік, үйлесімді жүзуден жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті. Бұл- жүзу спортының ең күрделі түрі. Жарыс қыз балалар арасында болды....