Қаратал ауданында Үштөбе-Алмалы-Көпбірлік бағытындағы жол құрылысы толық аяқталды. Аталған облыстық маңызы бар жолдың ұзындығы 176 шақырым. Жыл соңына дейін абаттандыру жұмыстары аяқталады. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аймақтағы ең шалғайда орналасқан елді мекендерді байланыстаратын күре жолдың құрылысымен танысып, жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесті.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.