Референдум арқылы халқымыз маңызды шешім қабылдайды. Осындай кезде барлығымыз отансүйгіштік пен бірлігімізді көрсетіп, өз таңдаумызды жасауымыз керек. Бұл әр бір Қазақстандықтың азаматтық борышы дейді, Ермек Келемсейт. Жетісу облысының құрметті азаматы отбасымен бірге референдум учаскесіне барып, дауыс берген. Жалпы Жетісу аймағының белгілі тұлғалары саяси науқанда аса белсенділік көрсетті.