Бүгін Талдықорғанда Қасым Жомарт өз таңдауын жасады. Президентімізбен аттас азамат күні кеше ғана 18 жасқа толған. Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылының тумасы. Қазір ол Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінде білім алып жатыр. Қасым Жомарт Тоқтасын Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғадан тыс қалмады.