Таңмен таласа Текелі қаласы мен Ескелді ауданының тұрғындары АЭС бойынша референдумда дауыс беруге асықты. Аталған аймақтарда 53 мыңға жуық тұрғын дауыс беруге құқылы. Жан-жақта ақпарат жинап жүрген әріптестерім дауыс беруге келіп жатқан тұрғындардың қарасы көбейіп келе жатқанын айтады. Соңғы мәліметте кешкі 16:00 ге дейін Кеншілер қаласында 11 мың ға жуық адам дауыс берсе, Ескелді ауданындағы белсенді электорат саны 22 500 ге жетіпті.