Сарыөзек ауылындағы «Шежіре, өнер-тәлім отауы» үйірмесінің мүшелері ел болашағы үшін аудан әкімінің сайлауында дауыс берді.
Береке мен бірліктің үлгісін көрсетіп, жастарға ұмыт болып бара жатқан құндылықтарды насихаттап жүрген әжелер тобы саяси науқанды мерекеге айналдырды. Әні мен сәні жарасқан әжелер сайлау учаскесіндегі жұрттың көңілін көтеріп, ән шашуларын арнады.
Дереккөз: “Жетісу” газеті