Деструктивті діни ағымдармен күресу мақсатында Жетісу облысындағы білім беру мекемелерінде арнайы семинарлар өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі дін істері комитетінің тапсырмасымен мамандар апта басталғалы аудан-қалаларды аралап жүр. Оқушылар мен студенттерге теріс идеологияның арбауына түспеудің жолдарын түсіндіреді. Кезекті шараның бірі бүгін Жетісу университетінде өтті.