Шекара шебінде болуы – серпінді дамуына сеп. Жыл басынан Панфилов ауданының экономикасына 30 млрд теңге инвестиция тартылды. Аймақ өркендеуіне мемлекет қолдауы да зор. Жетісу облысында ұлттық жоба шеңберінде бой көтерер 59 медициналық нысанның 11-і бір ғана Жаркент өңірінде тұрғызылмақ. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жұмыс сапарымен Панфилов ауданына барды. Әлеуметтік – экономикалық даму беталысын саралады. Жаркент өңірі тұрғындарымен кездесті.
Достық үйінде «Отбасы күні» мерекесі аясында «Үздік әже» байқауы өтті
Әже - ұлт ұйытқысы. Бүгін достық үйінде «Отбасы күні» мерекесі аясында «Үздік әже» байқауы өтті. Шара барысында қатысушылар ұлттық құндылықтарды...