Жаңа Конституция жобасы кемел келешекке бағдарланған маңызды құжат. Ол адам құқықтарын басты құндылық ретінде бекітеді. Тарихи бастаманың барысы халық арасында кеңінен түсіндіріліп жатыр. Аясында қоғам өкілдері Көксу ауданының мәслихат депутаттары Көксу Қант зауытына барды. Кәсіпорын ұжымымен кездесіп, Ата заңның негізгі талаптарын талқылап, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттеріне кеңінен тоқталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






