Жаңару үрдісіндегі Қазақстан үшін – азаматтық қоғамның дамуы аса маңызды. Азаматтық форум қатысушыларымен алдымен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев кездесті. Аталған басқосу биылдыққа алғаш рет Талдықорған төрінде ұйымдастырылып отыр. Делегация құрамы салмақты. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйым басшылары бар. Кездесуде Бейбіт Исабаев форумның Жетісу аймағында өтуі – үлкен жауапкершілік екендігін әрі бұл мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтерудің тиімді қадамы екендігін атап өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.