Жазиралы Жаркент өңірінде «Әке – отбасы тірегі» атты әкелер форумы өтті. Аманат партиясы мен Әкелер одағы мұрындық болған “Қамқор әке” жобасы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, бала тәрбиесінде әкелердің рөлін салмақты етуді көздейді. Форумға ұйымдастырушылардан бөлек ұлттық құндылықтар академиясы, мектеп мұғалімдері, ата-аналар қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






