“Қонаев топ тим” клубының тәрбиеленушілері панкратионнан өтетін екі ірі халықаралық додаға дайындалып жатыр. Бірі – қыркүйек айында Нұрсұлтан қаласындағы Азия чемпионатына. Екіншісі – осы жылдың қазан айында Түркияда болатын әлем чемпионатына қатыспақ. Ол үшін бозбала мен бойжеткендер Қонаев қаласында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынына қатысып, өздерінің физикалық және техникалық-тактикалық дайындықтарын шыңдайды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






