Жасанды интеллектіні дамытпай, бүгінгі жаһандық бәсекеде алға шығу мүмкін емес. Осыған орай Мемлекет басшысы алдағы үш жыл ішінде елді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін айқындады. Қазіргі таңда республика көлемінде 79 жоғары оқу орнында ІТ бағыты бойынша 63 мыңнан астам студент білім алуда. Облыста да осы бастамаға сай жастардың жасанды интеллект бойынша білім алуына барлық жағдай жасалып жатыр. Білім беру ұйымдарында арнайы курстар мен зертханалар ашылып, инновациялық жобалар жүзеге асырылуда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






