Арнамыздың тұрақты көрермендері білер, “Жетісу” телеарнасында “Зейнеп апаның әңгімелері” деп аталатын бағдарлама бар. Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова жүргізетін жобаның бүгінге дейін 34 саны эфирге шығып, ел ықыласына бөленді. Бүгін бағдарлама авторы Талдықорғанға арнайы келіп, көрермен қауыммен кездесті. Жыл бойы жалғасқан ұлттық жобаны қорытындылады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.