Жеңілдікпен 2,5 пайыздық несие алуға болады. Жыл басынан бері мемлекет 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашып, дамытуға осындай жағдай жасап отыр. Сарқан қаласының тұрғыны Еркін Серікұлы осы мүмкіндікті пайдаланғанның бірі. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жас қазақстандықтарға жеңілдетілген шағын несие берудің жаңа тетігі енгізілген. Оны Аграрлық несие корпорациясы мен Жетісу облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүзеге асыруда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






