Көктемгі дала жұмыстарының нәтижесі бойынша Жетісу облысы 7-ші орында. Бұл туралы бүгін Премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Әлихан Смайыловтың ақпарынша, ағымдағы жылы жалпы егіс алқабы шамамен 23 миллион гектар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 68 мың гектарға артық. Сондықтан үкімет науқанды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық мәселелерін қарастырды. Шешімін айтты. Жүйесіз жұмыс көрсеткен аймақтардың басшыларына тапсырма берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.