Жетісу мен Қытай Халық Республикасының Іле-қазақ автономиялық облыстары арасындағы достық және сауда-экономикалық қарым-қатынас одан әрі нығая түспек. Өңір басшысы Бейбіт Исабаев бастаған делегация аспан асты еліне жұмыс сапарымен барды. Алғаш күнінде Қорғас қаласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындарды аралап, компаниялардың жұмысымен танысты. Әрі инвестициялық мүмкіндіктерін бағамдап, әріптестік байланыс орнату аясында келіссөз жүргізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.