Бүгін Жетісулықтардың мерекесі! Облысымыздың құрылғанына тура 1 жыл. Осы уақыт аралығында өңірдің даму қарқыны жоғары. Мәселен, Облыс құрылғаннан бері жалпы құны 37,9 млрд теңге болатын 47 инвестициялық жоба іске асырылды. Мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды. Ал, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша республикада 4-ші орынға шықты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.