Жетісуда жаңа «Алаяқ.KZ» сайты іске қосылды. Бағдарлама алаяқтық әрекеттердің алдын алу мен тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыс істейді. Ақпараттық жүйені пайдаланып, алдау, арбау арқылы ақшалы болудың ең көп таралған жері – сауда-саттық болып табылады. Бүгінде сұранысқа ие Instagram, Facebook, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы мұндай қылмыстар жиі орын алады. Мәселен жетісулық тұрғындар интернет алаяқтыққа алданып, 200 млннан аса теңгесінен айырылған. Ресми деректерге сүйенсек интернет алаяқтыққа қатысты жыл басынан 910 оқиға тіркелді. Одан бөлек, заматтардың құжаттарын көшірмелеу арқылы онлайн-несие рәсімдеген фактілерде көбейген.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.