Ақжолтай хабар. Жетісулық 9 білімгер “Үздік студенттер академиясына” қабылданды. Олар жыл бойына өздерін белсенді көрсеткені үшін үздік деп аталды. Қатысушыларға төсбелгі, төлқұжат ,алғыс хат табысталды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға елдің өзге де өңірінен “Jas Otan” Жастар қанатының мүшелері қатысты. “Рәміздерім – мақтанышым ” тақырыбында өткен іс – шара осы жылдан бастау алып, өз жалғасын таппақ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.