ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбенов Жетісу облысына арнайы іссапармен келді. Халық қалаулылары Ақсу ауданына барып, ел ішіндегі жағдаймен танысты. Басты мақсат – тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, сұрақтарына жауап беру, аймақтағы жағдаймен танысу.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.