Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасы салынады. Тағы 3 су қоймасы жаңғыртылмақ. Бұл игі іс 2028 жылға дейін су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге аспақ. Сонымен қатар 2 мың шақырымнан асатын суару арналары қалпына келтіріліп, 400 шақырымнан аса ирригация жүйесі автоматтандырылады Бұл жайында өңірімізге іс сапармен келген еліміздің премьер-министрінің орынбасары мәлімдеді. Қанат Бозымбаев ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






