Ел Конституциясына енгізілгелі жатқан өзгерістер мен толықтырулар бойынша өтетін референдумға санаулы күн қалды. Дәл қазір өңіріміз бойынша сайлау учаскелерін даярлау және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, Жетісу облысында дауыс берушілер үшін 468 сайлау учаскесі әзірленген. Олардың ішіндегі 40 орын шектеулі учаскелер санатында. Мұндай уаскелер әскери бөлімдер, шекара қызметі, денсаулық сақтау мекемелері мен интернат-үйлерінің ғимараттарында орналасады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






