Енді Жетісу облысында күрделі жүрек оталарын жасау қолжетімді. Мәселен, бұған дейін науқастарға мұндай операцияларға тек Астана мен Алматы қаласына арнайы жолдама берілетін. Енді өңіріміздің кардиологтары Түркия мен Қытай елінің білікті, кәсіби дәрігерлердің оқуынан өтіп, жүрекке жасалатын соңғы технологияларды меңгерді. Жергілікті медицина мамандары шетелдіктермен бірлесіп, алғашқы жүрек қақпашасына ота жасап, сәтті өткізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






