Жетісу облысында Бірлік күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы ашылады. Бұл туралы бүгін облыстық Ассамблея кеңесінің отырысында айтылды. Өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен өткен отырыста атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы стратегиялық міндеттерді айқындады. Достық институтының 30 жылдығына арналған салтанатты шара аясында этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.