Жетісу облысында қыз-келіншектер арасындағы жұмыссыздық азайып келеді. Мәселен, былтыр бұл көрсеткіш 6,8% пайыздан 5,2 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін облыстық әйелдер ісі өңірлік комиссиясының отырысында белгілі болды. Жиын өңір басшысының орынбасары Диас Есдәулетовтің төрағалығымен өтті. Басқосуда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, мәселелер көтерілді. Алдағы жоспарлар да бекітілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






