Жетісу облысында соңғы 3 жылда 15 жаңа мектеп салынды. Биыл тағы 4 білім беру нысаны іске қосылады. Жалпы өңірде әлеуметтік инфрақұрылымдардың жай-күйі едәуір жақсартылып келеді. Ал әлеуметтік нысандардың жаңару көрсеткіші 52 пайызға жетті. Сондықтан БАҚ өкілдеріне арнайы пресстур ұйымдастырылды. Осы жолы түсірілім топ Ақсу ауданына барды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.