Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аймақ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алғаш болып кірген Кербұлақ ауданының тұрғыны Күнсұлу Мүлкібаева өзінің заңсыз жұмыстан шығарылғанына шағымданып отыр. Ол сотқа арыз бергенімен істі қараған құзырлы орган өтінішін қанағаттандырмапты. Аппеляциялық сотта да жеңіліс тапқан. Бұл мәселе бойынша Бейбіт Өксікбайұлы оданда жоғары құқықтық органдарға талап арыз беруді ұсынды. Мүлкібаева мектеп жасындағы балаларына да қысым көрсетілгенін тілге тиек етті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.