Өндіріс – өңір экономикасы өркендеуіне тірек. Жаңа жұмыс орындары ашылуына сеп. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аймақтағы бірқатар өндіріс нысандарын аралап көрді. Алғашқысы – «Қайнар АКБ»ның жаңадан салынып жатқан зауыты. Өндірістік аккумуляторлар шығаратын нысан келер жылдың екінші тоқсанында іске қосылуы тиіс. Инвестиция құны – 10 млрд теңге. Тағы бірі – «Стальбетон». Газбетон блоктар өндіретін зауыт. Құрылысы былтыр қолға алынған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.