Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Келгендер ауыз су, тұрғын үй мен жер кезегіне қатысты сұрақтарымен жүгінді. Заң аясында тиісті жауаптарын алды. Алғашқы енген – ақын, журналист Қуат Қайранбаев. Ол Ақсу ауданы бойынша жалпыға ортақ мәселерді көтерді. Алажиде, Молалы, Егінсу, Матай мен Лепсіге де газ тартылса деген ел тілегін жеткізді. Әім жауабы нақты. Алдымен, Алакөлге дейін газ жеткізу мақсат. Бұл ретте “Талдықорған – Үшарал” газ магистралінің құрылысы мерзімінен бұрын биыл қыркүйек айында аяқталатынын айтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.