Жетісу облысының әкімі бүгін қоғамдық қабылдау орталығында бірқатар аймақ тұрғынымен кездесті. Бейбіт Исабаевтың қабылдауына 8 азамат жазылған. Дені – баспана кезегінде тұрғандар. Олардың үй алуға қатысты сұрақтарына байланысты тұрғын үй заң аясында кезек ретімен берілетіні, “Отбасы банк” арқылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді. Баспана мәселесімен келгеннің бірі – Толқын Апухова. Мүгедек баланы қарап отырған жалғыз басты ана. 2010 жылдан бері үй кезегінде тұр. Бейбіт Исабаев жауапты сала мамандарына өтініш иесінің кезегін бақылауға алып, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды тапсырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.