Бүгін Жетісу облысының әкімі Талдықорған қаласын аралады. Бейбіт Исабаев шаһардағы аулалардың абаттандыру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы мен жол инфрақұрылымының жүргізілу барысын бақылап қайтты. Облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аударып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.