Жетісу облысының дамуы тұрақты. Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша: қысқа мерзімді индикатор -112.8 % -ды құрапты. Ауыл шаруашылығында өсім- 4,9, өнеркәсіпте -3,9 %.. Өңірге 327,1 млрд теңге инвестиция тартылыпты. Өсім – 31%. Аймақ республикалық рейтингте биыл да алғашқы үштікке енуден үмітті. Бұл туралы бүгін Ескелді ауданы тұрғындарымен кездескен Бейбіт Исабаев айтты. Облыс әкімі жұмыс сапарында бірнеше әлеуметтік нысанды аралады, жеке қабылдау өткізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.