“Жетісу” телеарнасы өткен телевизиялық маусымды табысты аяқтады. Аймақтық арна екінші жыл қатарынан “Тұмар” байқауында жеңімпаз атанды. Бұл жолы “Ділмар” бағдарламасы “Үздік ток-шоу” номинациясын жеңіп алды. Ал әріптесіміз Гүлназ Мұстафа кеудесіне “Ақпарат саласының үздігі” төсеблігісін тағып мерейі тасыды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.