Облыс әкімі Бейбіт Исабаев алқа жиын соңында өткен жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге үлкен үлес қосқан азаматтардың еңбегін атап өтті. Арасынан үздік шыққандарын марапаттады. Мәселен, “Үздік аудан” деп Панфилов ауданы танылса, құрылыс басқармасы – “Үздік басқарма” атанды. Ал, өткен жылдың қорытындысы бойынша “Үздік мекеме” ретінде – Жетісу телерадиокомпаниясының бағы жанды. Телеарнаға заманауи ЛЭД экранмен жабдықталған телестудияның сертификаты табыс етілді. Одан өзге, облысымыздың өркендеуіне үлес қосып, өз салаласында жемісті қызмет етіп жүрген азаматтар “Адал қызметі мен еңбегі үшін” арнайы алғыс белгісімен марапатталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.