Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр. Бұл – Президенттің тікелей тапсырмасы. Осы ретте І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институты ашылды. Жалпы жоғары оқу орнындағы соңғы жаңалықтар баспасөз-турында таныстырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.