Жетісу жерінде шопандардың кәсіби шеберлігі сыналды. Талайдан бері ұмытыла бастаған шопандар сайысы қайта жанданды. Атакәсіпті ардақтап, ел дәстүрін жалғастыруды Қаратал ауданының азаматтары қолға алған. Жаңаталап ауылында тұңғыш рет «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Үздік шопан – 2025» атты республикалық сайысы ұйымдастырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.