Жетісу облысында «Өлең – сөздің патшасы» атты жазба ақындар мүшайрасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара С.Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасында «Абай мұрасы – халық даналығы» жалпы республикалық әдеби бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойында он күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінде әдеби кештер, мүшәйралар, көрмелер мен мәдени-танымдық іс-шаралар өткізу жоспарланған.. Ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абай мұрасы кеңінен дәріптелді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.