Жетісудың табиғатына шетелдіктер қызығушылығы зор. Көп қызығу көз тігетін жердің бірі – “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Жыл басынан бері 10 мың адам тынығыпты. Жартысына жуығы шекара асып келгендер. Жыл соңына дейін саяхаттаушылар саны – 30 мыңнан асады деген болжам бар. Осы аптада мәселен, табиғат -ана туғызған таңғажайыпты көруге 22 итальяндық келіп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.