Жетісулық 100-ге жуық ұстазға құрмет көрсетілді. Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында облыста салтанатты жиын өтті. Оларды облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады. Шара барысында білім саласына еңбек сіңірген, оқушыларды білім нәрімен сусындаған ардагер педагогтердің еңбегі еленді. Сондай-ақ, дәстүрлі байқаулардың үздіктері анықталып, марапатталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.