Славян базары-2025 халықаралық ән байқауының қос жеңімпазы елге оралды. Жетісу облысы атынан ел намысын қорғаған эстрада әншісі Алмагүл Батталиева Гран-при иеленсе, жас әнші Мирас Нағашыбай бірінші орын және арнайы жүлде иегері атанды. Қос талантты Алматы халықаралық әуежайынан туыстары, ұстаздары, әріптестері қарсы алды. Арасында біздің шығармашылық топ та бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.