Биыл Жетісу облысының спортшылары түрлі деңгейдегі жарыстарда 1250-ден астам медаль иеленді. Оның 546-сы алтын. Бұл мәлімет облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов пен өңір спортшыларымен өткен кездесуі барысында мәлім болды. Салтанатты жиында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушылары марапатталып, еңбектері еленді. Сонымен қатар, өңір спортының жетістіктерін насихаттап, ақжолтай жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де құрмет көрсетілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






