Еңбек бағаланып, марапат биігінен көрінді. 28 маусым БАҚ саласы қызметкерлері күні қарсаңында Алматы мен Жетісу облыстарындағы өңірлік басылымдардың бас редакторлары Жұматай Оспанов пен Забира Сайділдина Президент қолынан «Құрмет» орденімен марапатталды. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат қызметкерлерін құттықтап, бірқатарына мемлекеттік наградалар тапсырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






