2025 жылдың соңына дейін облыстың барлық елді мекені орталықтандырылған тіршілік нәрімен қамтамасыз етіледі. Бүгінде ауыз сумен қамту деңгейі 95 пайыздан асқан. Бұл- Жетісу өңірі құрылғалы бері үш жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесі. Өңірлік стратегияның басым бағытының бірі – халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау. Соның ішінде таза сумен қамтамасыз ету.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.