Алматы облысында дәрі бағасы қатаң бақылауда. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары Ескелді ауданының дәріханаларына мониторинг жүргізді. Дәрі-дәрмек тапшылығын мен бағасын өсіруге жол бермеуін тексерді. Айта кету керек, Қарабұлақ ауылындағы кейбір дәріханада бірқатар дәрі-дәрмек тапшылығы анықталды. Сатылымда жоқ препараттың барлығын комиссия мүшелер өздеріне түртіп алды. Дегенмен, кәсіпкерлердің айтуынша жақын күндері аудандағы дәріханаларға тиісті дәрі-дәрмектер жеткізіледі. Оған қоса дәріханаларда қажетті дәрілердің аналогтары жеткілікті. Сондай-ақ, мониторинг топ мүшелері дәріханаларда QR кодтың бар-жоқтығы тексерді. Бұл кодты сканерлеу арқылы тұтынушылар барлық дәрінің бағасын біле алады. Егер дәрілер шекті бағадан қымбат сатылса, дереу құзырлы органдар көмегіне жүгіне алады.