Қонаевта агроөнеркәсіп кешені саласына қатысты жиын өтті. Оған өңірдің 20-ға жуық кәсіпкері мен несие беру ұйымдарының өкілдері және мемлекеттік мекеме қызметкерлері шақырылды. Күн тәртібіне сәйкес шаруаларға несие беру қағидаттары мен субсидиялау мәселелері талқыланды.